Алтай Көлгінов Тәжікстан Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов Тәжікстан Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті
ашық дереккөз

"Бүгін Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездестім. Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі нығайту, екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту перспективалары, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар талқыланды. Осылайша бірлескен инвестициялық жобаларды құру және іске асыру жеке инвестицияларды тартуға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастық перспективалары, атап айтқанда, біздің елдеріміздің астаналары арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды", - деп жазды елорда әкімі.