Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға қай боксшылар шығады?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға қай боксшылар шығады?
ашық дереккөз

25 мамыр күні Қазақстан сапынан төрт боксшы шаршы алаңға шығады. 49 келідегі Даниял Сәбит индонезиялық Квангу Корнелиспен жұдырықтасады. 63 келідегі Закир Сафиуллин моңғолиялық Батарсух Чинзоригпен кездеседі. Бұл Закирдің Азия чемпионатындағы екінші жекпе-жегі болмақ. 91 келідегі Василий Левит ирандық Эхсан Роузбаханиге қарсы шықса, 51 келідегі Назым Қызайбай өзбекстандық Тұрсыной Рахимовамен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ, 60 келідегі Римма Волосенко моңғолиялық Монхур Намуунмен кездеседі.