Алтай Көлгінов мектеп бітіруші түлектерді құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов мектеп бітіруші түлектерді құттықтады
ашық дереккөз

"Құрметті түлектер, бүгін – соңғы қоңырау, сіздердің және ата-аналарыңыздың өміріндегі ұмытылмас әрі әсерлі күндердің бірі. Ересек өмірге аяқ басқалы отырсыздар. Өміріңізде жаңа, жауапты кезең басталмақ.Осы жылдар ішінде мектеп қабырғасында мұғалімдердің қажырлы еңбегінің арқасында білім алдыңыздар, олимпиадаларға қатыстыңыздар, жүлделі орындарға ие болдыңыздар, жаңа достар таптыңыздар. Бір сөзбен айтқанда, тұлға ретінде қалыптасып, өстіңіздер!Пандемия кезінде жауапкершілік, тәртіп, өзіндік жұмыс дағдылары сияқты ең жақсы қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер. Сіздер ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың мақтанышысыздар. Алдағы уақытта сіздерді студенттік шақ, жаңа білім әлемі мен жаңа әсерлер күтуде.Болашақ мамандық таңдадыңыздар. Бастысы, өз күшіңізге сеніңіздер. Өмірде қиындықтар болады, бірақ ең бастысы – қорықпау, әр кез еңселеріңізді түсірмеу, күн сайын еңбек ету.Мемлекет сапалы білім алу үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі: мектептер салынып, гранттар бөлініп, жұмысқа орналасу кезінде көмек көрсетіліп жатыр. Ал педагогтар жылдан жылға біліктілігін арттыруда. Тұрғын үй мәселесі де маңызды бағыттардың бірі. Осы мәселе бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды жұмыс жүргізудеміз."Elorda Jastary" бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді. Онда негізгі бағыттар көрсетілген: сапалы және қолжетімді білім беру, жеңілдікпен берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуға көмек көрсету және жастардың кәсіпкерлігін дамыту, кәсіптік бағдарлау, салауатты өмір салтын жүргізу және т. б.Елорда – армандар орындалатын қала. Сіздердің де арман-мақсаттарыңыз міндетті түрде жүзеге асады! Өздеріңізге зор денсаулық, табыс тілеймін, биіктерді бағындырыңыздар!", - деп жазды А.Көлгінов.

[caption id="attachment_82257" align="alignnone" width="915"] Фото: Александр Куприенко[/caption]