Нұр-Сұлтанда өкпесінің 90 пайызы зақымданған науқас емделіп шықты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда өкпесінің 90 пайызы зақымданған науқас емделіп шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107910127660703.webp)
Науқастың айтуы бойынша, ауру біртіндеп өрши бастаған. 2-3 күннен кейін науқаспен байланыста болған әйел де сол ауруханаға жатқызылды.
«Алдымен мен үйде емделуге тырыстым. Өзін-өзі емдеу ауыр жағдайға әкелді. Екі күннен кейін менің туысымды емдеуге жатқызды, оған да COVID-19 диагнозы қойылды», - дейді науқас.
Ер адам жан сақтау бөліміндегі медбикелер мен санитарларға ерекше алғысын білдіреді.
«Санитарлар мені қасықпен тамақтандырды, себебі мен өзім дем ала алмадым, тамақ іше алмадым. Соның бірі - Азия, есімі есімде қалды. Тағы екі санитар бар еді, аты мен тегі есімде қалмапты. Өкінішке қарай, мен оларды көшеде көрсем танымаймын, өйткені олар ЖҚҚ-мен жұмыс істейді - ештеңе көрінбейді», - дейді ер адам.
Сондай-ақ, науқас егер медицина қызметкерлерінің мейірімді, қамқор қарым-қатынасы болмаса, сау қалпына өзі келе алмайтынын айтты.
«Бізді емдеуде медбикелер де, дәрігерлер де маңызды рөл атқарды. Олардың барлығы өте үйлесімді және ынтымақтастықта жұмыс істейді, сондықтан да осы нәтижелерге қол жеткізді. Әрине, көп нәрсе басшылыққа байланысты. Дұрыс ұйымдастыру көп нәрсені шешеді. Мен №3 КҚА директорына жұмысты шебер ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін. Менің емделуіме және сауығуыма үлестерін қосқан барлық медицина қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін», - деді науқас.
Кардиолог Дариға Біләлова науқастың жағдайы өте ауыр болғанын атап өтті. Дәрігердің айтуынша, штаттан тыс мамандармен емдеу тактикасы бойынша кеңес бірнеше рет өткізілді.
«Ерекше ауыр жағдай болды. КВИ тек өкпенің ғана емес, бауырдың, бүйректің және науқастың жүрегінің басқа да мүшелерінің жағдайына қатты әсер етті. Науқас дұрыс режимді ұстанып, біз тағайындаған емдеуді одан әрі сақтаса, онда ол толық қалпына келеді деп сенеміз», - деп толықтырды орталық дәрігерлері.