Президент сайлау туралы Конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Президент сайлау туралы Конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107914524228373.webp)
ашық дереккөз
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Негізгі құжатта аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерін тікелей сайлауын өткізу қарастырылған. Бұл реформа 2 345 әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдеріне әсер етеді, олардың 836-сы 2021 жылдың екінші жартысында тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Әкім болып 25 жастан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары сайлана алады. ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында саяси партиялардың өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендетіліп, барлық деңгейдегі бюллетеньдерге "Барлығына қарсы" деген баған қосылды.
Ұқсас жаңалықтар