Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам тұтынушының құқығы бұзылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам тұтынушының құқығы бұзылады
ашық дереккөз

Тікелей эфирде Майя Алданаева негізгі міндеті өтініштерді өңдеу және тіркеу болып табылатын платформа жұмысы туралы айтып берді. Аталған платформа тұтынушылардан, бизнес өкілдерінен және мемлекеттік органдардан шағымдарды қабылдау және өңдеу процестерін автоматтандыру үшін әзірленген. Жүйе өтініштерді берудің және оларды қарауды бақылаудың бірыңғай терезесі болып табылады. Әсем Әбуованың айтуынша, сапасыз тауарға немесе ұйымға өтініш немесе шағым беру үшін платформада заңды тұлғаны тауып, өтінімді толтыру қажет, содан кейін өтінім өңдеу және мониторинг жүйесінде тіркелетін болады. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам тұтынушының құқығы бұзылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының 13%-ы ғана өздерінің тұтынушылық құқықтарын біледі. Бұзушылықтардың тек 10-15%-ы ғана тіркеледі және олар бойынша мемлекеттік органдар шаралар қабылдайды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйе тұтынушылардың өмір сүру сапасын арттырады және нарықтық жағдайды жақсартады. Платформа тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесінде азаматтардың сауаттылығын арттырады.