50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат - жалған
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат - жалған](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107915010729752.webp)
ашық дереккөз
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қызметтер үшін 3 120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тағайындалуы міндетті түрде қандай да бір төлемдерді аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды.
"Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар