ҰБТ-2021 аралық қорытындылары: 75 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҰБТ-2021 аралық қорытындылары: 75 мыңнан астам талапкер тест тапсырды
ашық дереккөз

"Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда 87 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 287 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды", – деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Тестілеуге кіргізу кезінде 8 түлектің дене қызуы көтеріліп, бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады. Естеріңізге сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.