Вакциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Вакциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды
ашық дереккөз

Олардың жалпы пайдасы 19,3 млрд долларын құрайды. Кейбір деректер бойынша бұл табыс деңгейі төмен елдердің халқын екпемен қамтуға жеткілікті көрінеді. Ресми мәліметке сүйенсек, Мoderna және BioNTech басшылары ең көп мөлшерде табыс тапқан. Сондай-ақ бірқатар адам миллиардерлер тізімін толықтырған. Олар: Иммунолог және Мoderna инвесторы Тимоти Спрингер (2,2 млрд доллар); Moderna Директорлар кеңесінің төрағасы Нубар Афеян (1,9 млрд доллар); Moderns вакциналары үшін қаптама дайындайтын Rovi компаниясының төрағасы Хуан Лопес-Белмонте (1,8 млрд доллар); ғалым және Modern инвесторы Роберт Лангер (1,6 млрд доллар); қытайлық CanSino Biologics фармацевтикалық компаниясының құрылтайшысы және бас ғылыми қызметкері Чжу Тао (1,3 млрд доллар); CanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Цю Дунсу (1,2 млрд доллар); СanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Мао Хуайхуа (1 млрд доллар).