Тоқаев Солтүстік Қазақстанға қоныс аударғандардың проблемасын қозғады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев Солтүстік Қазақстанға қоныс аударғандардың проблемасын қозғады
ашық дереккөз

«Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады», - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желіде.