Борышкердің банктік шотын бұғаттауға коллекторлық агенттіктердің құқығы бар ма

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Борышкердің банктік шотын бұғаттауға коллекторлық агенттіктердің құқығы бар ма
ашық дереккөз

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, банктік шоттарға тыйым салуды сот актілері негізінде және сот орындаушылары сот орындаушыларының қылмыстық-процестік заңнамада және атқарушылық іс жүргізу туралы заңда көзделген тәртіппен прокурор санкциялаған қаулылары негізінде ғана қолдана алады. Банктік шотқа шектеулер қоюдың себептерін анықтау үшін борышкерлердің және шығуға уақытша шектелген борышкерлердің бірыңғай тізілімі арқылы өз деректеріңізді тексеру немесе шот ашылған банкке жүгіну қажет. Ал Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің тізілімімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы «Құжаттар» бөлімі арқылы танысуға болады.