Елордалық десанттық-шабуылдау бригадасының жас толымдары ант қабылдады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық десанттық-шабуылдау бригадасының жас толымдары ант қабылдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107916031176590.webp)
Әскерге шақырылғаннан кейін бір ай бойы сарбаздар жас жауынгер курсынан өтіп, онда саптық, дене, атыс даярлығының, жалпы әскери жарғылардың негіздерін үйренеді, сондай-ақ іс жүзінде атуды орындады.
Салтанатты рәсім бригаданың алаңында өтті.
– Әрбіріңіз білім мен дағдыны, іскерлікті табандылықпен меңгерулеріңіз керек. Атап айтқанда – жауынгерлік дағдыны, әскери шеберлікті жетілдіріп, нағыз әскери маман болуларыңыз керек. Қасиетті антқа адал болыңыздар, – деді Құрлық әскерлерінің идеологиялық жұмыстар бас басқармасы бастығының орынбасары, полковник Нұржан Өмірзақов.
Шара соңында десантшы-жауынгерлер қоян-қолтық күрестің элементтерін, қаруды қолдану арқылы саптық әдістерді көрсетіп, салтанатты шерумен жүріп өтті.