Биыл көпбалалы отбасыларға 92,8 млрд теңге жәрдемақы берілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл көпбалалы отбасыларға 92,8 млрд теңге жәрдемақы берілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107916715013566.webp)
Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлемдердің мөлшері бала санына байланысты сараланған: 4 балаға – 46 760 теңге, 5 балаға – 58 457 теңге, 6 балаға – 70 154 теңге, 7 балаға – 81 852 теңге, 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 теңге 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге.
Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.