Елордада халықаралық экологиялық конгресс өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада халықаралық экологиялық конгресс өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107910121584711.webp)
«ECOJER» қауымдастығының мәліметінше, бірінші Халықаралық экологиялық конгресс «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» ұранымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өтетін іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өтеді. Конгрестің мақсаты - экология, тұрақты даму, «жасыл» инвестициялар үлесін арттыру, экологиялық мәдениет пен қоғамның хабардарлығын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және тәжірибе алмасу. Іс-шараға министрліктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, эко-белсенділер, халықаралық даму институттарының өкілдері және басқалар қатысады. Конгресс барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады.