Дамир Ысмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Дамир Ысмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107913241499141.webp)
ашық дереккөз
Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 188 туринрінде өнер көрсетті. Онда бразилиялық Рафаэль Алвеспен (19-9) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа есептелген. Бұл жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Ысмағловтың жеңісімен аяқталды. Алайда, қазақ спортшысы бірінші раундта нокдаунға түсіп қалды. Осылайша, Дамир Ысмағлов өзінің кәсіби мансабындағы мерейтойлық жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді, ал Рафаэль Алвес оныншы рет жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, Ысмағлов үшін бұл – UFC-дегі төртінші жекпе-жегіндегі төртінші жеңіс. Қазақстандық өзінің ең ірі промоутерлік дебютін 2018 жылдың желтоқсанында жасады.
Ұқсас жаңалықтар