Өткен тәулікте Қазақстанға 35 халықаралық әуе рейсі келді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Өткен тәулікте Қазақстанға 35 халықаралық әуе рейсі келді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107913835930247.webp)
ашық дереккөз
2021 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 4 733 авиажолаушы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 903 жолаушы; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 922 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 613 жолаушы; Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы; Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 182 жолаушы; Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 88 жолаушы. Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Ұқсас жаңалықтар