Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Латвиямен кездеседі
Аталған ойын елорда уақытымен 23.05-те басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады. Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар. Екі құрама бұған дейін әлем чемпионатында жеті мәрте шеберлік байқасты. Оның алтауында латвиялық хоккейшілер жеңіске жетсе, біреуі қазақстандық құраманың басымдығымен аяқталды. Қазақстан хоккейшілері әлемнің үздік құрамаларымен бірге бес жылдық үзілістен кейін сынға түскелі отыр. Соңғы рет 2016 жылы элиталық дивизионда мұз айдынға шықты. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы капитаны міндетін Әлихан Әсетов атқарады. Ал Роман Старченко мен Даррен Диц вице-капитан болады. Биылғы әлем чемпионаты кеше, 21 мамырда басталды. А тобында Латвия Канаданы 2:0 есебімен жеңсе, Германия Италияны 9:4 есебімен тізе бүктірді. Ал В тобында Ресей Чехияны 4:3, Словакия Беларусьті 5:2 есебімен жеңді.