Елімізде тағы 4 қаланың әуежайында «Ashyq» жобасы енгізіледі
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде мынадай кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» жобасын іске асыру жүзеге асырылады: 1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; 2. спа-орталықтары; 3. сауналар, бассейндер; 4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 5. боулинг клубтары; 6. кинотеатрлар; 7. театрлар мен филармониялар; 8. асхана үлгісіндегі нысандар, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары; 9. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; 10. бильярд клубтары; 11. концерт залдары; 12. ерікті қатысушылар; 13. караоке; 14. көрмелер; 15. океанариум; 16. марафондар; 17. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; 18. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы; 19. Алматы қаласының әуежайы; 20. (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары; 21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.