«КЕРУЕН» сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлері «Өз ағашыңды отырғыз» челленджіне қатысты
Бұл шараға «керуендіктермен» бірге қалалық еріктілер штабының еріктілері де үлес қосты. 1 ағаш жылына 27 келі ауаны ластанудан қорғайды. «Өз ағашыңды отырғыз» - акциясына қатысу арқылы біз сүйікті қаламыздың экологиялық жағдайының жақсаруына үлес қосамыз. Сондай-ақ өз әрекетімізбен қаланың өзге тұрғындарына үлгі болуды мақсат еттік, - дейді «керуендіктер». "Бүгін біз «КЕРУЕН» сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлерімен "Өз ағашыңды отырғыз" акциясына қатыстық. Сіздерді де осы акцияға қатысуға шақырамыз. Сондай-ақ елорда әкімдігіне рахметімді айтқым келеді", — деді "Build System" ЖШС бас инженері Мезенцев Михаил Владимирович. Бұл күні бұл акцияға қаладағы ірі кәсіпкерлік нысандардың иелерімен, Есіл ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің тұрғындары да қатысты. Қаланы көгалдандыру, көгеріштендіруді мақсат еткен шара осылайша жалпыхалықтық сипатқа ие болды