Елорда әуежайында жылдам тіркеу, тексеру қызметі іске қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әуежайында жылдам тіркеу, тексеру қызметі іске қосылды
ашық дереккөз

Қолында тек қана қол жүгі бар жолаушылар тіркеу, тексеруде уақытын жоғалтқысы келмесе тиісті ақысын төлеп, «Fast track» қызметін пайдалана алады. «Fast track» қызметі арқылы жолаушылар небәрі 3-5 минут ішінде тіркеу, тексеруден өтеді. Әзірше «Fast track» «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларының тұтынушылары үшін ғана қолжетімді. Алдағы уақытта өзге компанияларды таңдаған жолаушылар да жылдам тіркеу, тексеру қызметін пайдаланатын болады. Қызмет бағасы ересектер үшін 4 мың теңге болса 12 жасқа толмаған балаларға 2 мың теңгені құрайды. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға «Fast track»  қызметі тегін көрсетіледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов. [caption id="attachment_81568" align="alignnone" width="2560"] Фото: Василий Крась[/caption] Сондай-ақ журналистер әуежайға келушілердің статусын «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп, ғимаратқа өткізу жұмыстарының барысымен де танысты.  Әуежайға келушілер қосымша арқылы өз статусын растауы керек. Ал ұялы телефонына «Ashyq» қосымшасы орнатылмағандар әуежай қызметкеріне жеке куәлігіндегі жеке сәйкестендіру нөмері туралы мәліметті беріп, өз статусын анықтайды. Коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында «сары» және «қызыл» статусқа жататындарға әуежай ғимаратына және ұшаққа кіруге тыйым салынады. Сәйкесінше әуе компаниялары «қызылдарға» билеттің қаржысын кері қайтарып береді. Ал «сарыларға» статусын қайта жаңғыртқан соң өзі қалаған кез келген күні қолындағы билетімен ұшуға мүмкіндік беріледі. Мобильдік қосымшадан техникалық ақау шығып, әуежай келушілерінің статусы дұрыс анықталмаған жағдайда олар ғимарат ішінде арнайы белгіленген орында денсаулық сақтау саласы мамандарының көмегіне жүгіне алады. Медицина қызметкерлерінің оң қорытындысын алған жолаушылар мен шығарып салушыларға әуежай ішінде емін-еркін жүріп-тұруға шектеу қойылмайды. Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне әуежайдың 2035 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы таныстырылды. Әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзиннің айтуынша, бұл тұжырымдаманың әуежайды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Орталық Азия елдері арасында жолаушылар және жүк тасымалындағы жетекші әуе хабына айналдыруға бағытталғанын айтады.

Шынболат АТЫХАНҰЛЫ