Биыл Қазақстанда көші-қон тәртібін бұзған 1 000-ға жуық мигрант елден шығарылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл Қазақстанда көші-қон тәртібін бұзған 1 000-ға жуық мигрант елден шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107922344436224.webp)
Муткорт — бұл істі мемлекеттік немесе халықаралық сотта қарауды модельдейтін құқықтық конкурс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлескен жұмыс нәтижесінде 133 мың мигрант өз еліне оралды, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарып жіберу туралы 969 сот шешімі шыққан. «Қазақстанда пандемия кезінде 3 мыңнан астам шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл дегеніміз карантин уақытында елдегі мигранттардың өмірі қиындағанын көрсетеді. Жобаның мақсаты – адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктеріне қолжеткізу және заңгерлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру», — дейді Құқықтық саясатты зерттеу орталығының координаторы Мадина Беркали. Муткорт қорытындысы бойынша Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Лейла Рамазанова мен Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жанар Сүндетқалиева жеңіске жетті. Адвокаттар тарапынан мемлекеттік тілде де муткорт өткізу ұсынылды. Бұл өңірлерден келген адвокаттардың халықаралық құқық нормалары туралы хабардарлығын арттыру үшін қажет. Себебі құқық қорғаушылардың айтуынша, мигранттар үлкен қалаларға қарағанда аймақтарда жиі кездеседі. Жобаны Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен «Қазақстандағы мигранттардың құқықтарын құқықтық қорғауды күшейту» жобасы аясында Халықаралық заңгерлер комиссиясы (ICJ) және Халықаралық заңгерлер комиссиясы – Еуропа институттарымен (ICJ-EI) бірлесіп, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) ұйымдастырды.