Microsoft Internet Explorer-ден бас тарту туралы шешім қабылдады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Microsoft Internet Explorer-ден бас тарту туралы шешім қабылдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210792739021815.webp)
Бұл өзгерісті аталған компания шамамен 2022 жылдың 15 сәуірінде енгізуді жоспарлап отыр. Корпорация Internet Explorer орнына Microsoft Edge браузерін таңдауды жөн көрген. Мұндай шешім қабылдауға ақпараттардың қауіпсіздігі басты себеп болғанын айтады мамандар. Компания мәліметінше, Edge қорғанысты күшейтуге көбірек мүмкіндік береді. Яғни фишингтік шабуылдан және зиянды бағдарламалардан қорғауға қауқарлы болады. Сонымен қатар аталған браузер ақпараттардың жойылып кетпеуін де бақылайды. Internet Explorer режимі Edge-ге ойысып, бұл веб-парақшаның заманауи және ескірген версиясын қолдайтын жалғыз браузер болмақ. Қолданушылар өздерінің ақпараттарын және порольдарын Internet Explorer-ден Edge-ге бірнеше батырманы басу арқылы ауыстыра алады. Microsoft қызметкерлері қолданушылар негізгі браузер ретінде санап келген Internet Explorer-ге бірнеше нұсқаулық дайындап қойғандарын айтады. Наурыз айында Microsoft-тағы бағдарламалық қамтамасыз етудің әлсіреуіне 60 мыңнан аса компания серверінің бұзылуы себеп болыпты. Пошта жәшіктерінің серверлеріне жасалған шабуыл туралы Exchange Server компаниясы 2 наурыз күні мәлімдеме жасаған. Хакерлер осындай жолмен инфекциялық ауру зертханалары мен жоғары оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың, сараптамалық орталықтардың және басқа да бірқатар түрлі ұйымдардың ақпараттарын алмақшы болған. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мұндай шабуылдың әлі де жалғасып жатқанын атап өтсе, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь Microsoft компаниясы ақпараттық бағдарламаларының бұзылуына Қытай билігінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.