UEFA Қазақстан футболының дамуына ықпал етеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
UEFA Қазақстан футболының дамуына ықпал етеді
ашық дереккөз

Қазір федерация даму стратегиясын жаңғыртуды көздеп отыр. Павел Колев мақсат-мүддені түгел ескеріп, жобалардың орындалуына жәрдемдесуге дайын екенін айтты. Алдымен білікті сарапшыларды тартуға ықпал ететінін жеткізді. Қазір UEFA Grow бағдарламасында стратегия құрудың бірыңғай форматы бар. Оған Колев жетекшілік етеді. "Ұлттық федерацияның футболды дамытуға ынта қоюы біз үшін маңызды. Біз барлық бастаманы қолдап, жобалардың орындалуына жәрдем етеміз. Дамығың келсе, UEFA міндетті түрде қолдау көрсетеді деген сөз", — деді UEFA серіктесі Павел Колев.