«Кадрлық резерв» жобасын бастаймыз - Аймағамбетов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Кадрлық резерв» жобасын бастаймыз - Аймағамбетов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107924748492098.webp)
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың басы-қасында да осы мамандар жүруі тиіс. «Айтпақшы, жаңа көшбасшылар демекші, біздің көздегеніміз - жаңа мамандарды жұмысқа тарта отырып, қызметте жүрген басшыларды толығымен ауыстыру саясатын жүргізу емес. Біздің басты мақсатымыз - қазақстандық білім мен ғылымның әлеуетін барынша күшейту үшін «жастық пен тәжірибенің үйлесім табуын» қамтамасыз ету. Жаңа көзқарасы бар жас кадрларды жұмысқа қабылдай отырып, тепе-теңдік пен ұрпақтар сабақтастығы сақталатын болады. Министрлік тарапынан іске асырылып жатқан кадрлық саясат туралы қоғамда неғұрлым толық және объективті түсінік қалыптастыру мақсатында алдағы бірнеше аптаның ішінде жаңадан тағайындалған басшылар кішігірім сұхбат береді. Сұхбат барысында жас көшбасшылар басқарып отырған ұйымдарын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жоспарын (1), жүзеге асырылатын негізгі реформалар (2), жұмыс жоспарын іске асыру үшін жүйеге тартылатын ресурстар (3) және жаңа басшының тағайындалуынан бастап ұйымның алдағы уақытқа жоспарланған жұмыс нәтижелерімен (4) бөліседі. Сонымен қатар бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыру үшін біз жақын арада жаңа жоба бастаймыз. Атап айтсам, «Кадрлық резерв» жобасы. Біз білім және ғылым жүйесінде басшылық лауазымға ұсыну үшін табысты әрі дайындығы мықты үміткерлерді іріктеуді жоспарлап отырмыз. Жоба бойынша іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат жеке жарияланады. Бұдан бөлек жақын арада біздің бастамамызбен жүзеге асырылатын директорларды ротациялау институты, оларды тағайындаудың жаңа қағидалары және мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдаудың жаңа жүйесін енгізетін нормалар жүзеге асырыла бастайды. Ойымды қорытындылай келе, министрлік білім мен ғылым саласындағы кадрлық әлеуетті нығайту және одан әрі дамыту мәселелеріне басты назар аударатынын атап өткім келеді. Бұл маңызды бағыт біздің алдағы жұмысымызда да басымдыққа ие болатыны сөзсіз», - деп түйіндеді министр.