Елордалық өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды
ашық дереккөз

"Сағат 11.42-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Ақыртас көшесі, 31 мекенжайы бойынша шақырту орнына шықты. Өрт сөндірушілер екі қабатты коттедждің төбесі жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын, оған дүкен және кафе салынғанын анықтады. Өрт сағат 12.22-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің аумағы 150 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндіру барысында ер және әйел адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлері тексерді. Олардың жағдайлары қанағаттанарлық, сондай-ақ өрт сөндірушілер 7 газ баллонын алып шықты", - делінген хабарламада.