Футбол: «Астана» қызылордалық «Қайсарды» ірі есеппен жеңді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Футбол: «Астана» қызылордалық «Қайсарды» ірі есеппен жеңді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107922629041834.webp)
ашық дереккөз
Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтті. Қазақстан премьер-лигасының 12-турында астаналық клуб «Қайсарды» 5:2 есебімен тізе бүктірді. «Астана» командасынан Марин Томасов (екі рет), Вараздат Ароян, Макс Эбонг және Роман Муртазаев гол соқты. Алаң иелерінен Стефан Денкович және Егор Потапов көзге түсті. Айта кетейік, «Астана» 32 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде көш бастап тұр.
Ұқсас жаңалықтар