Қазақстанда соңғы екі аптада коронавируспен ауыру 20%-ға төмендеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда соңғы екі аптада коронавируспен ауыру 20%-ға төмендеді
ашық дереккөз

Отырыста баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім жағдайы әлі де күрделі екенін атап өтті. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 163 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,3 млн астам адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші 2,1% құрады. «221 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 105-орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 106-орында», — деп нақтылады А. Цой. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда 18 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 оң нәтижесімен 362 030 науқас және КВИ- жағдайымен 54 153 жағдай тіркелді. Қазақстан Республикасы сары аймақта қалып отыр. Ел өңірлері бойынша жағдай мынадай: - қызыл аймақта 6 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары. - сары аймақта 5 аймақ бар: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы. - қалған 6 өңір жасыл аймақта. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аурудың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Сонымен, соңғы 2 аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда ауруды жұқтыру 20%-ға төмендеді. Күн сайын төсек-орындардың толымдылығына жүргізілген мониторингке сәйкес, өңірлер бөлінісінде 18 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың бос болмауы – 36%, реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы – 28% құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың көп бос болмауы Нұр-Сұлтан қаласында – 49% және Алматы облысында – 45%, реанимациялық төсек-орындардың көп бос болмауы Нұр-Сұлтан қаласында – 52% және Алматы қаласында – 47% байқалады. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, 10 мамырдағы жағдай бойынша емделіп жатқан 41 мың науқас санының 18 мамырдағы жағдай бойынша 38 мың адамға дейін азаюы байқалады, оның ішінде стационарлық емделіп жатқан науқастар саны 15 мыңнан 13 800 науқасқа дейін, амбулаториялық емделуде 26 мыңнан 24 300 науқасқа дейін азайды. Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда. «Бүгінгі күні вакцинаның 2,6 млн дозасы пайдаланылды, оның бірінші компоненті бойынша 1 871 823 адам егілді. Вакцинаның екінші компонентімен 778 346 адам қамтылды», — деді А. Цой. [caption id="attachment_80794" align="alignnone" width="675"] Фото: primeminister.kz[/caption] Бұл ретте бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына бірінші дозаны алғаннан кейін екінші компонентпен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакциналауға жол беретін өзгерістер енгізілді. Осылайша, азаматтар екінші дозаны бірінші дозаны алғаннан кейін 21 күннен бастап ала алады. «Бүгінгі таңда егу пункттерінде вакцинаның жеткілікті мөлшері: бірінші компоненттің шамамен 500 мыңы және екінші компоненттің 750 мыңы бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда», — деді министр. 14 мамырда Қарағанды фармацевтика кешеніне Спутник V-ті өндіруге арналған субстанция келіп түсті, қазіргі уақытта вакцинаның 1 млн 200 мың дозасын кезең-кезеңмен өндіру жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, осы айдың соңына дейін KazVac қазақстандық вакцинасы мен БАӘ-де өндірілген Хаят Вак вакцинасын жеткізу күтілуде. Санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарының сақталуы бойынша жағдай да Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. «Кәсіпкерлік объектілерінің қызметі мен эпидемиологиялық жағдай арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында 18 қаңтардан бастап пилоттық режимде «Ashyq» жобасы іске қосылды, ол 26 сәуірден бастап бүкіл елде қолданыла бастады», — деді А. Цой. Бүгінгі таңда «Ashyq» жүйесі барлық қызмет саласындағы 6 мыңға жуық нысанды қамтиды, 1 млн 400 мың пайдаланушы тіркелген. Сонымен қатар, «Ashyq» қосымшасы енгізілген сәттен бастап қызыл және сары мәртебесі бар 3 256 келуші анықталды, оның ішінде 1 867 ПТР тестінің оң нәтижесі бар науқас және 1 389 ауруды жұқтырғандармен байланыста болған адамдар. 12 мамырдан бастап пилоттық режимде Нұр-Сұлтан қаласының және 21 мамырдан бастап Алматы қаласының әуежайларында «Ashyq» қосымшасы пайдаланылуда, бұл ПТР тестінің оң нәтижесі бар 37 науқасты және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 37 адамды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл статистика көрсеткендей, өкінішке қарай, кейбір азаматтар үйде оқшаулану режимін сақтамайды, халық көп жиналатын нысандарға баруға, ел ішінде жол жүруге тырысады, осылайша  басқа келушілер мен ұшақтағы жолаушылар үшін ауруды жұқтыру қаупін тудырады. «Бағдарламаны енгізу және кеңінен қолдану үшін тарату жұмыстары жалғасуда», — деп түйіндеді А. Цой.