Елордада Taza Alem-2021 жобасы басталды (фото)

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Taza Alem-2021 жобасы басталды (фото)
ашық дереккөз

TazaAlem мәдени-бұқаралық жобасы Нұр-Сұлтан әкімдігі мен әкімдіктің «Астана жастары» КММ бастамасымен құрылған. [caption id="attachment_80237" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] «Біз биыл TazaAlem жобасы аясында мұқтаж адамдарға, зейнеткерлерге, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне көмектесуді жоспарлап отырмыз. Қыста аулаларды қардан тазалап, жазда жөндеу жұмыстарына көмектесеміз. Былайша айтқанда, волонтерлікпен айналысамыз. Біз сондай-ақ шетелде кең тараған сенбіліктің ерекше форматы – плоггингті енгіздік. Оны «спорт пен сенбілік» деген сөз тіркесімен сипаттауға болады. Осындай форматтың арқасында әдеттегі қоқыс жинауды командалар жарысына айналдырамыз. Мысалы, қоқысты кім көп және жылдам жинайды деп сайысуға болады», - деді «Астана Жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев. [caption id="attachment_80236" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] Оның айтуынша, жаңа форматтағы сенбіліктерге елордалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, оқушыларды, студенттер мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын тарту жоспарланып отыр. Сенбілік өткізілетін аумақ ағаш санына байланысты таңдалады. Егер олар аз болса, аудан әкімдігімен келісе отырып, аумаққа ағаш егіледі. [caption id="attachment_80238" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] Іс-шараға қатысушылар үшін қажетті құралдар және арнайы техника ғана емес, тағамдар да әзірленді. Ал кәсіби диджей экобелсенділерге жақсы көңіл күй сыйлады. [caption id="attachment_80241" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption]