«Астана Мюзикл» театры ашық аспан астында ерекше қойылым қойды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Қазақконцерт» ұйымына қарасты «Астана мюзикл» театры өздерінің жаңа туындысын Кенесары хан ескерткішінің алдындағы ашық алаңда сахналады. Әлеуметтік маңызы зор бұл шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Іс-шараның мақсаты – сахна өнері арқылы халыққа карантин, сақтық шаралары және вакцинаның маңыздылығын жеткізу. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. Басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» құбылысы. Театр әртістері бұл қойылым арқылы өмірдің басты құндылықтарын, карантин кезіндегі адамдардың ішкі ой-толғанысын, пандемияда адамзаттың басына түскен қиындықтарды жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар