Вакцинадан кейін Сovid-19 жұқтыру жағдайы болды ма – маман жауабы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Вакцинадан кейін Сovid-19 жұқтыру жағдайы болды ма – маман жауабы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107929847225288.webp)
Маманға «екпе алғаннан кейін Алматы қаласында екі және Маңғыстау облысында үш адамның қайтыс болғаны туралы хабар елдің сеніміне селкеу түсірді. 15 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда қанша адамда екпеден кейін жанама әсер болды, нешеуі коронавирус пен оған ұқсас пневмониямен ауырды?» деген сұрақ қойылды. «Вакцинадан кейінгі асқынуға келсек, Маңғыстау облысындағы бүгінгі деректер дәлелденбеген. Ал егер бақылау деректері бойынша «күдікті» реакцияларға тоқталсақ, бүгін біздің бақылауымызға сай, Қазақстанда 5214 күтілетін реакциялар тіркелген. Ол бүкіл алынған вакциналардың 0,3 пайызын құрайды. Оның ішінде 57 пайызы - ол жалпы реакциялар, тұмауға ұқсайтын реакциялар, температураның көтерілуі, әлсіздік және де 43 пайызы – «жергілікті» реакциялар (2242 жағдай). Яғни, ол инъекциядан кейін қолдың ауыруы саналады. Ал вакцинаның екі компонентін алғаннан кейінгі реакциялар жайлы ресми деректер қазір қолымда жоқ», - деп жауап берді Манар Смағұл. Бұған қоса оған «вакцинадан кейін коронавирус пен пневмония жұқтыру жағдайлары болды ма?» деген сауал қойылды. «Ондай жағдайлар тіркелді. Бірақ қазір қанша жағдай тіркелгені жайлы ақпарат, нақты цифрлар менде жоқ», - деді Манар Смағұл «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері мен негізгі ұсыныстар» атты орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.