Елордалық ЖОО «Ashyq» жобасын университеттер арасында алғашқы болып қолдады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Шектеулермен өмір сүріп жатқанымызға бір жылдан асты. «Ashyq» мобильді қосымшасын негізсіз сынап жатқандармен келіспеймін. Біз студенттеріміздің, оқытушыларымыздың және қызметкерлеріміздің денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінгендіктен «Ashyq» жобасын қолдап отырмыз. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келушілердің статусы туралы нақты ақпаратты қосымшаға жүктеп отыр. Осылайша қауіпті барынша азайтуға мүмкіндігіміз бар», - дейді университет басшылығы.
Айта кетейік, КАZGUU Университеті - «Ashyq» жобасын қолдаған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны.
Ұқсас жаңалықтар