Қазақстан мен Финляндия экология саласында ынтымақтастықты жандандырмақ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Финляндия экология саласында ынтымақтастықты жандандырмақ
ашық дереккөз

Экология министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында Қазақстан мен Финляндияның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тең төрағалар табиғи уран концентраттарын жеткізу бойынша ядролық энергетика саласында қол жеткізілген прогресті, сондай-ақ Nurminen Logistics Services компаниясымен контейнерлік жүктерді тасымалдаудағы табысты ынтымақтастықты атап өтті. Сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиев финдік тең төрағаға екі елдің дамуы үшін ерекше әлеуеті бар орман шаруашылығы, қалдықтарды кәдеге жарату, балық шаруашылығы, құрылыс пен цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Экология министрлігінің басшысы «Қазақтелеком» АҚ-ның «Nokia» компаниясымен 5G технологияларын енгізу саласындағы жолға қойылған ынтымақтастығын оң бағалады, сондай-ақ фин компанияларын одан әрі белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша тең төрағалар комиссияның 11-отырысы хаттамасына, бұған қоса комиссия шеңберіндегі ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұнымен бірге экология, орман және балық шаруашылығы, қалдықтармен жұмыс істеу, су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында экология министрлігі, KaukoInternational Oy Ltd компаниясы мен Qazaq-Фин технологиялық орталығы (QFTC) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.