Қажымұқанның ізбасары «темір илеудің» құпиясын ашты (фото)
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қажымұқанның ізбасары «темір илеудің» құпиясын ашты (фото)](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107938446681793.webp)
[caption id="attachment_79902" align="alignnone" width="1024"] фото: Оңалхан Өнерхан[/caption]
Алып күш «қайдан келді»?
«Ауылда туып-өстім. Шамамен сегіз жастан бастап спортпен айналыстым. Ауылда ауыр еңбектен де қашпадық. Қазіргідей жағдай болмады. Ал университетте оқып жүргенде кәсіби спортқа келдім. Күш өнеріне Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ, Иван Поддубный, Александр Засс деген бұрынғы кездегі балуандарымыздан жігерлендім. Осыдан кейін олардың жаттығуларын істеп көруге, Қазақстанда осы бағытты қайта дамытуға ынта пайда болды. Себебі қазір елімізде бұл сала құлдырап барады. Оған мемлекет те аз көңіл бөледі. Сондықтан елімізде арнайы қозғалыстың да негізін қаладым. Осылайша, соңғы 13 жылда біз батырларымыздың дәстүрін ел ішінде ғана емес, сыртта да насихаттап, жандандырып жатырмыз. Мәселен, мен 50 мыңнан астам адамға изометриялық гимнастика үйретемін. Онда балуандардың әдіс-тәсілдерін де көрсетемін. Бұған әсіресе шетелдіктер тарапынан қызығушылық мол».
[caption id="attachment_79903" align="alignnone" width="1024"] фото: Оңалхан Өнерхан[/caption]
Чемпиондар керек пе?
«Меніңше, міндетті түрде чемпион тәрбиелеудің керегі жоқ. Біздің білім беру саласына тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз туралы нақты білім жетіспейді. Өз тарихын білмеген жастар бөтен көзқарастар алдында осал болады. Қазір тіпті спортпен айналысатын балалардың көбі Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім екенін білмейді. Сондықтан негізгі мақсат – дұрыс білім беру. Бұл қазіргі Қазақстанның жас азаматын жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін керек. Ал чемпион тәрбиелеу жағын одан кейін ғана ойлауға болады».
[caption id="attachment_79904" align="alignnone" width="1024"] фото: Оңалхан Өнерхан.
Жылытқышты (грелка) үрлеп, жару.[/caption]
Күш атасы - Қажымұқан
«Қазақтың балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын пір тұтамын. Ол соғыс жылдарында бүкіл ақшасын жинап, ұшақ сатып алу үшін қайырымдылыққа жұмсады. Одан соң балаларымен бірге қиын жағдайда, жоқшылықта өмір сүріп, кейіннен қайтыс болды. Ол халқы үшін өзін құрбан етуге, ең соңғысын беруге дайын адам еді. Сондықтан Қажымұқан мен үшін мықты ғана емес, жоғары моральдық, рухани қасиеттерге ие, интеллектуал адам үлгісі».
[caption id="attachment_79905" align="alignnone" width="1024"] фото: Оңалхан Өнерхан[/caption]
«Темір илеудің» құпиясы неде?
«Қандай да бір жетістікке жету үшін өзіңді жеңе білу керек. Кез келген адамның өміріндегі үлкен жеңіс – өз-өзіңмен күрестегі жеңіс. Тек миыңыздағы, санаңыздағы қорқынышты, кемшілікті, кедергіні жеңгенде ғана алдыңа қойған мақсатыңа жете аласың. Мысалы, өз құпиямды айтсам, мен бірінші кезекте, «күрделі жаттығуларды істеп қойдым, кедергіні жеңдім» деп ойлаймын. Солай елестетемін. Содан кейін өзіммен күресіп, өз-өзіме бұны істей алатынымды дәлелдеймін. Ал денені шынықтыру – екінші мәселе. Өзіңізді жақсы формада ұстау үшін күнде залда жаттығу міндетті емес. Аптасына бір рет жетеді. Көбірек жаяу жүру керек. Күніне 5-6 мың қадам жүру жеткілікті. Бар құпиям - осы».
[caption id="attachment_79906" align="alignnone" width="1024"] фото: Оңалхан Өнерхан.
Темірден жасалған жүрек.[/caption]