Қазақстанның құтқарушылары Мәскеу маңындағы оқу-жаттығуларға қатысып жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның құтқарушылары Мәскеу маңындағы оқу-жаттығуларға қатысып жатыр
ашық дереккөз

Оқу-жаттығу «Кешенді қауіпсіздік 2021» бағдарламасы аясында өтуде. Жаттығудың негізгі кезеңі Ресей ТЖМ Ногинск құтқару орталығының полигонында өтеді. Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар шынайылыққа барынша бейімделген жағдайда ТМД аумағында ірі төтенше оқиғалар туындаған кездегі практикалық іс-қимылдарды пысықтайтын болады. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша Ресей ТЖМ Ногинск құтқару орталығының оқу-жаттығу кешенінің алаңдарында ықтимал төтенше жағдайлардың 9 эпизодын өткізу жоспарлануда. Сценарий бойынша оқу-жаттығуды апатты су басқан аумақтарда, авиациялық, автомобиль көліктеріндегі аварияның салдарын жою, тау-кен химия комбинатындағы техногендік аварияны жою бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу, орман өрттерін сөндіру, төгілу жағдайында теміржол көлігіндегі авария, орман өрттерін сөндіру, covid-19 таралуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу, үйде шыққан өрттің елді мекенге дейін таралуы, төтенше жағдайдан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмекті жеткізу, аумақты жарылыс қаупі бар заттардан тазарту сияқты 9 кезеңде өткізу жоспарлануда.