Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөз

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,9%) Өзбекстаннан, 10,7%-ы ҚХР-дан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 2,9%-ы Моңғолиядан және 4%-ы басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (11,4%) қоныстанды.

1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 24,6%-ды және зейнеткерлер 18,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1% - жоғары, 39,8% - арнайы орта, 45%-ының жалпы орта білімі бар және 4,1%-ының білімі жоқ.