Алтай Көлгінов елордалықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов елордалықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
ашық дереккөз

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мейірім шапағаты мол Рамазан айы бойы қаламызда біршама игі істер атқарылды. Бірлігі жарасқан ел мүддесі үшін жасалған түрлі қайырымдылық акциялары мұқтаж азаматтарға үлкен қолдау болды. Рамазан айын қорытындылайтын Ораза айт – халқымыздың басым көпшілігі үшін діни ғұрып қана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам. Құрметті елордалықтар, қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Айт қабыл болсын!