Қарулы Күштерде жеке құрамның 80 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы екпе алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қарулы Күштерде жеке құрамның 80 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы екпе алды
ашық дереккөз

Аталмыш кеңесте мерекелік күндердің өткізілуі туралы баяндалды. Бұл күндері қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті қолдау, кезекші күштердің үздіксіз қызмет атқаруы қамтамасыз етіліп, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету жөніндегі шаралар ұйымдастырылды. Биыл 1 маусымда басталатын жазғы оқу-жаттығу кезеңіне дайындық мәселелері қаралды. Бұл ретте әскерлерде командалық құрам нұсқау беру-әдістемелік сабақтарын, сондай-ақ техниканы, оқу-жаттығу материалдық базасын дайындау мен полигондарды оқ-дәрілер қалдықтарынан тазартуды ұйымдастырды. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әскери нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздігінің жай-күйіне назар аударды. Осы мақсатта ол күзет пен бейнебақылау техникалық құралдарының тұрақты жұмыс істеуін, бөгеттердің жарамдылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Жабдық істен шыққан жағдайда команда бойынша дереу баяндауға және ақаулықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға, ал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарулы ұтқыр топтар мен кезекші күштерді тез арада жұмылдыруға тиіс. Бас әскери-медициналық басқарманың бастығы COVID-19 індетін жұқтырғандар санының азайып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өткен аптада сырқаттану 39 пайызға төмендегені байқалды. Мұндай көрсеткіш жеке құрамды вакцинациялаудың нәтижесімен байланысты. 11 мамырдағы жағдай бойынша әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдерінің 80%-дан астамы коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның үстіне, қалған 20 пайызы – қазіргі уақытта демалыста, ұзақ іссапарда жүргендер, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар.