Риддердегі өртті сөндіруге 493 жеке құрам мен 69 бірлік техника жұмылдырылды – ТЖМ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Риддердегі өртті сөндіруге 493 жеке құрам мен 69 бірлік техника жұмылдырылды – ТЖМ
ашық дереккөз

"2021 жылғы 10 мамырда сағат 13:30-да Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қураған ағаштың жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 13:31-де өрт орнына Риддер қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысымы жіберілді. Сағат 16:08-де Лесхоз кентінің Орман шаруашылығы аумағында Сосновый бор және Лихачев көшелерінде тұрғын үйлер жанып жатқаны туралы хабарлама Орман шаруашылығы мекемесінен келіп түсті. Өрт 5 көшені шарпыды (Б.Комиссаров, Сосновый бор, Коммунальная, Лихачев, Жуковский). Аталған көшелерде 59 тұрғын үй болған, оның ішінде 37 тұрғын үй өртенген (9 шаруашылық құрылыс). Өртенген үйлерде 83 адам, оның ішінде 10 бала тұрды. Зардап шеккен тұрғындар ішінен 13 адам жатақханаға, қалған 68 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды", - делінген хабарламада.

[caption id="attachment_79390" align="alignnone" width="1280"] Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам күйік шалып, жергілікті ауруханаға, реанимация бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Өрт орнында 1948 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала берілген ақпарат бойынша мамандар қасақана өртеу және отты абайсыз қолдану нұсқаларын қарастыруда. Қазивиаорманкүзетінің Ми-8 тікұшағымен өртті биіктен сөндіру жұмыстарының нәтижесінде бүгін сағат 07.00-де елді мекен аумағындағы өрт сөндірілді. Орман өрті периметрінің шетінде ашық жану жоқ. Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерде ағаш діңдерін сөндіру жүргізілуде. [caption id="attachment_79391" align="alignnone" width="1280"] Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] Сағат 07:30-де барлау жүргізу және өрт алаңын нақтылау үшін Қазивиаорманкүзетінің тікұшағымен ұшу жүзеге асырылды, оның қорытындысы бойынша өрт алаңы - 283 га болып нақтыланды. Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының 493 жеке құрамы, 69 бірлік техника және 2 тікұшағы жұмылдырылды. Күштер мен құралдарды бірыңғай басқаруды ұйымдастыру үшін өрт орнында құрамында орман қорғау мекемесі, ТЖД және Риддер қаласы әкімдігі өкілдері бар өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ТЖМ және ТЖД дағдарыс орталықтарында жедел штабтар құрылды. Вице-министр М.Күлдіков бастаған ТЖМ жедел тобы өрт орнында жұмыс жүргізуде. ШҚО ТЖД жедел байланыс желісі жұмыс істейді: 8 (7232) 55-38-19.