Бақтияр Артаев Олимпиадада киген спорттық киімдерін Ұлттық музей қорына тапсырады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бақтияр Артаев Олимпиадада киген спорттық киімдерін Ұлттық музей қорына тапсырады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107940238852612.webp)
Бақтияр Артаев – 2004 жылы Афина қаласында өткен XXVIII жазғы Олимпиаданың 69 келі салмақтағы чемпионы. Олимпиаданың соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медаль салып, Вэл Баркер кубогының иегері атанды. 2004 жылы 21 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Жарлығымен I-ші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Кездесу барысында бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаев жеке құнды заттарын музей қорына салтанатты түрде табыстайды. «ҚР Ұлттық музейінің қоры спортшының халықаралық жарыстарда киген спорттық киімдері (2003-2006 ж.ж.), бокс қолғабы, шлем және Афина Олимпиадасы ойынында киген боксшы халатымен толығады. Алдағы уақытта аталған заттар музей залына қойылады», деп көрсетті Ұлттық музейдің баспасөз қызметі. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ спорт және мәдениет саласының өкілдері қатысады.