Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөз

  11 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 11-12 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, 11- 12 мамырда кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 11 мамырда түнде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 11-12 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ жауады. 11-13 мамырда кей жерлерде тұман түседі. 11-13 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12-13 мамырда екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қаласында 12 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. 11-13 мамырда тұман түседі.  12 - 13 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.