Елорда полицейлері көпірден секірген адамды құтқарды (видео)
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда полицейлері көпірден секірген адамды құтқарды (видео)](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107939026918182.webp)
ашық дереккөз
«Таңғы сағат 04:30-да Нұр-Сұлтан қаласы ПД жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» СК көпірінен ер адам секірмекші болды деген хабарлама түсті. Полицейлер келген бойда жас жігіт көпірден секіріп үлгерген», - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
«Уақыт өте тығыз болды, біз суға түсіп азаматты киімінен ұстап, қауіпсіз жерге шығардық», - деді оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Темірлан Әділбеков пен Олжас Алтынбеков.
Анықталғандай, 22 жастағы жас жігіт мас болған. Ол медициналық көмек алуы үшін дәрігерлерге жіберілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп жоқ. [video width="480" height="480" mp4="https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/05/WhatsApp-Video-2021-05-10-at-13.22.08.mp4"][/video]
Ұқсас жаңалықтар