Алтай Көлгінов: Біздің парызымыз – ардагерлерімізді естен шығармау

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов: Біздің парызымыз – ардагерлерімізді естен шығармау
ашық дереккөз

«Құрметті достар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз Отан қорғап, батылдық пен қайсарлық танытты. Олардың арқасында елімізде бейбітшілік орнады. Ал олардың өмір жолы – баршамызға жарқын үлгі. Біздің парызымыз – ардагерлерімізді естен шығармау. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұқаралық шаралар өткізу мүмкін болмады. Бірақ бұған қарамастан, біз ардагерлерімізге сый-құрмет таныттық. Ардагерлердің терезелерінің алдында әскери оркестрдің шеруі мен қойылымы ұйымдастырылды. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Балалардың ардагерлерге зор құрметпен қарап, концерт тамашалағаны қуантады. Ардагерлердің кеуделері медальдарға толы екенін көрген балалар олардың әскери оқиғаларын тамсана тыңдады. Мемлекет батырларымызға қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ ақшалай көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге және еңбек ардагерлеріне, т.б. қарастырылған. Жақында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды. Ұлы Жеңіс мерекесінде баршаңызға зор денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін!» — деп жазды елорда әкімі.

[caption id="attachment_79122" align="alignnone" width="865"] Фото: Александр Куприенко[/caption]