Сарыарқа ауданының әкімі ардагерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарыарқа ауданының әкімі ардагерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады
ашық дереккөз

Майдангерлерге қала әкімі атынан құттықтау хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, ардагерлердің аулаларында үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында 7 соғыс ардагері мен 1240 тыл ардагері тұрады. Аудан әкімдігі әрқайсысының өмір жолы мен естеліктері ел үшін баға жетпес тарихи мұра екенін айрықша мәлім етті.