Елімізде мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөз

Демалыс күндері Балтық жағалауы аудандарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады. Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлеріне жаңбыр жауады. Ал 9 мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігіне әлі де жылы ауа массалары әсер ететіндіктен, бұл өңір айтарлықтай салқын болмайды, мәселен, күндіз ауа температурасы 22...30°С дейін жылынады.