Елордада Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды
ашық дереккөз

Салтанатты шараға елорда әкімі Алтай Көлгінов, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Талғат Бигелдиновтың туыстары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері және т.б. қатысты. [caption id="attachment_79002" align="alignnone" width="1280"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption] Елорда әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде соғыс ардагерлері ерліктің үлгісі екенін айрықша атап өтті.

«Ұлы Жеңіс қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды. Ардагерлер ерліктің, табандылықтың, өскелең ұрпақ үшін ерлік пен даңқтың үлгісі болып саналады! Батыр ата-бабаларымыздың арқасында қазір бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз! Біздің міндетіміз — батырларды жадымыздан шығармай, еске алу», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Талғат Бигелдиновтің балалық шағын тілге тиек ете отырып, жетімдіктің тауқыметін ерте көргеніне қарамастан ел азаматы болып, халықтың мақтанышына айналғанын, «қатардағы ұшқыштан эскадрильяның үздік командиріне дейінгі жолдан өткенін» атап өтті. [caption id="attachment_79010" align="alignnone" width="1280"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption] Талғат Бигелдиновтің қызы Галина бұл күн ардагердің туыстары үшін де, барша қазақстандықтар үшін де қуанышты күн екенін атап өтті. Жоба бойынша мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс істеді. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Онда Талғат Бигелдинов соғыс жылдарында жас ұшқыш ретінде, ал кеудесінде медальдары бейнеленген.