Елімізде аналитик-журналистер даярланатын болады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде аналитик-журналистер даярланатын болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107944433984902.webp)
Білім бағдарламасының тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, республикалық басылымдардың бас редакторы және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен медиа-менеджерлер қатысты.
«Біздің зерттеулеріміз бойынша елімізде бір жыл ішінде 1000-нан астам журналист 34 жоғары оқу орнын бітіреді. Бірақ журналистика саласында қызмет ететін түлектер көрсеткіші 60%-ға жетпейді. Демек жоғары оқу орындарында оқу процесі әлі жетілдірілмеген, әлі де қиындықтар бар. Алдағы уақытта жаңа мамандыққа министрлік тарапынан қолдау көрсетуге әзірміз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев.
Жаңа білім беру бағдарламасы аясында құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында терең білімі бар аналитик-журналист мамандар дайындалады.