Қазақстанда Qaharman1945.kz порталы іске қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда Qaharman1945.kz порталы іске қосылды
ашық дереккөз

Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін арнайы портал жасап шығарды. Жобаның атауы - «Жаужүрек полк». Жоба авторларының ішінде «Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының» Президенті, «Jaqsy Bolady» YouTube арнасының авторы Бұхарбай Болат, танымал тележүргізуші Махаббат Есен, блогер Яков Федеров және «Ave adicus» YouTube арнасының авторы Әшірбек Әділет бар. Әлемдік пандемияға байланысты «Мәңгілік полк»  онлайн форматта өтеді. «Бұл жай ғана портал емес -  бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың батырларына арналған мәңгілік естелік альбом. Сіз бен біздің жарқын болашағымыз үшін өмірін қиған, біздің болашағымыз үшін қанын төккен аталарымыздың ерлігін құрметтейміз», -деп жазды жоба авторларының бірі Махаббат Есен facebook желісіндегі парақшасында. Онлайн шеру 9 мамыр күні, сағат 10:00-де жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларында өтеді. Шараға қатысу үшін Qaharman1945.kz сайтында өтініш қалдыру керек.