Елордалық жауынгерлік өнер қауымдастығы мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қасиетті Рамазан айында елордалық жауынгерлік өнер қауымдастығы көпбалалы отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шара барысында қауымдастық өкілдері көпбалалы және мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты. Спортшылар балалардың белсенді дамуы үшін қажетті өнімдерді сатып алуға назар аударды. Сондай-ақ, балалар жекпе-жек сабақтарына шақырылды. Өз кезегінде, себет алған көпбалалы аналар мен мүгедек балалардың аналары көңіл бөлгендері үшін алғыстарын білдіріп, табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар