Елордада ковид жұқтырған азаматтардың 45%-ы көпшілік жиналатын орындарға бірнеше рет барғаны анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ковид жұқтырған азаматтардың 45%-ы көпшілік жиналатын орындарға бірнеше рет барғаны анықталды
ашық дереккөз

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 45%-ы адам көп жиналатын орындарға бірнеше рет барған, науқастардың 1%-ы бұқаралық іс-шараларға қатысқан, ал 32%-ы үйде сақтық шараларын сақтамаған», — деп хабарлады Сархат Бейсенова. Ол амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да шектеу шаралары мен карантинді сақтамауы коронавирустық инфекцияның таралуына әсер ететінін айтты. 5 сәуір мен 4 мамыр аралығында «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін объектілерде 880 үй карантинін бұзушы анықталды, оның ішінде 414 — науқас және 466 — байланыста болған адам. «Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. "Қызыл" немесе "сары" статусы бар тұрғындар COVID-19 тасымалдаушылары бола отырып, мегаполистің қоғамдық орындарында жүріп, иммунитеті төмен, қарттар мен балалар, сондай-ақ басқа да қауіп тобындағы адамдарға жұқтырады. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл» аймақта болу кезеңін ұзартады. Осы себепті қала тұрғындарына, әсіресе үй карантиніндегі адамдарға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне айтарым, барлық шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді сақтаңыздар, бұл инфекцияның таралуын төмендетуге және ауру қаупін азайтуға мүмкіндік береді», —  деді Сархат Бейсенова қала тұрғындарына.