«Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі». Елордалық оқушылар жас сарбаз атанып, ресми куәлік алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі». Елордалық оқушылар жас сарбаз атанып, ресми куәлік алды
ашық дереккөз

Шараның өтуіне Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «Астана Жастары» ЖРО  және Ұлттық әскери патриоттық орталығы қолдау көрсетті. «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерімен офлайн форматта кездескен қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен  жассарбаздықтардың ант қабылдауына куә болып, ары қарай оқушылар құрастырған роботтар көрмесін тамашалады. «Осыдан үш жыл бұрын Елбасы жастар арасындағы отансүйгіштік сезімді ояту үшін, патриоттық бағытта тәрбие беру мақсатында «Жас сарбаз» ұйымын құруға тапсырма берген болатын. Осы аз уақыт ішінде қаншама оқушы жассарбаздық атанып, толағай табыстарға қол жеткізіп үлгерді. Алда келе жатқан ұлы жеңіс күнімен, отан қорғаушылар күнімен шын жүректен сіздерді құттықтаймын. Отан отбасынан басталады дейді. Сондықтан балаларды жастайынан бастап отансүйгіштікке, елі мен халқына, жеріне адал қызмет ететін адами құндылықтарға баулу өте маңызды. Бүгін ант қабылдаған жас сарбаздықтардың болашағынан үлкен үміт күтеміз» деді қала әкімінің орынбасары.   Көктем ҚАРҚЫН